Бұл туралы Шымкент қаласында өткен SEN 1-ші қазақстандық жас әйелдер форумының ашылуында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мәлімдеді.
Қала әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған форумның мақсаты – жас әйелдерді, қыз-келіншектерді өмірде табысқа жетуге ұмтылдыру. Форум ұйымдастырушылары "Өзіңе сен, отбасыңа сен, еліңе сен – сенің қолыңнан бәрі келеді!" деген ойды жастарға жеткізуді көздейді.
– Тіршілікке мән сыйлайтын абзал жандар, бұл – әйелдер қауымы. Қазақ қыздарының тарихта қалдырған ізі аз емес. Осындай ардақты аруларымыздың даңқты жолын Сіздер абыроймен жалғап келесіздер, – деген Мұрат Дүйсенбекұлы Шымкент қаласында әйелдер қауымы үшін жаңа мүмкіндіктерге кеңінен жол ашылғанын атап өтті.
Айта кетейік, форум қатысушыларының арасында "Бизнес инкубатор" байқауының жеңімпаздары, "Атамекен", "Даму" корпорациясының грант иегерлері, өзінің отбасылық бизнесін бастаған көпбалалы аналар бар. Өз кезегінде табысты, іскер әйелдер өзін өзі дамыту, қаржыны басқару, денсаулықты күту мен жеке өмірге қатысты пайдалы кеңестерімен бөлісті.
Форума спикерлерінің қатарында Меруерт Өтекешева, Майра Мұхамедқызы, Ләйлә Сұлтанқызы, Арайлым Әуелбекова, Ханзада Есенова, Айка Алеми, Жания Дабыр сынды көшбасшы әйелдер бар.
Форумның арнайы қонағы – Сколково Мәскеу басқару мектебінің проректоры, әйелдер бағдарламаларының директоры Марина Карбан қатысушылармен онлайн режимде тілдесіп, қазақстандық қыз-келіншектерге сәттілік тіледі.
Бұл форумға қатысушылар жыл бойы спикерлермен тұрақты қарым-қатынас орнатып, үздік шыққан жастар Мәскеу қаласындағы Сколковоға шеберлік сыныптарына жіберілетің болады.