Тікелей эфир

Шымкентте 33 млн теңгеге жуық қарызы бар жүргізуші анықталды

Ақпаратты полицияның планшетіне орнатылған "Қорғау" бағдарламасы берді.

Қала жолдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша кезекшілікке түскен патрульдік полиция полкінің инспекторлары қарызы өтелмеген автокөлік туралы дабыл алды. Бұл туралы Polisia.kz жазды.

Ақпаратты полицияның планшетіне орнатылған “Қорғау” бағдарламасы берді.

"Hyundai Elantra көлігі иесінің атқарушылық іс-жүргізу бойынша 33 миллион теңге қарызы бар екені анықталды. Патрульдік полицейлер көлікті Рысқұлов көшесінде ұстады. Қарызынан жалтарған жүргізушіге төленетін төлемдер туралы ескертілді", – деп жазылған хабарламада.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда жазғы дөңгелекті ауыстырмаған жүргізушілерге айыппұл салына бастады


Көлік айыптұраққа қойылды. Қала тұрғыны қарыздарын толық өтегеннен кейін ғана көлігін ала алады.

Серіктестер жаңалықтары