Тікелей эфир

Шымкент тұрғындары баспана мәселесіне қатысты сұрақтарына жауап алды

Бүгін Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасының басшысы Жанат Утебаева баспана мәселесіне қатысты тұрғындарды қабылдады.

Елімізде баспанаға деген қолжетімділік – ең өзекті мәселелердің бірі. Әлеуметтік саясаттың негізгі бағыты да осыны тиімді жолмен шешуге арналған. Басқарма басшысы бұл мәселенің біздің қаламызда да, уақыт өткен сайын мемлекеттік бағдарлама аясында тұрғын үймен қамтамасыз ету істері барынша ілгерілеп келе жатқандығын атап өтті.

Сонымен қатар, қабылдау барысында тұрғын үй кезегіне тіркеле алмай жүрген азаматтарға да заң аясында түсіндіріп өтті. Тұрғын үй кезегіне тіркелу үшін өтінімдер жіберу және тұрғын үй кезегін көруге қатысты мемлекеттік  қызметтерді алуға тек "kezekte.kz" электрондық порталына ғана жүгіну қажеттігін хабарлады. Яғни, аталған мемлекеттік қызметтер  2022 жылдан бастап kezekte.kz электрондық порталында  жүзеге асырылып жатыр. Ол үшін тұрғын үй кезегінде тұрған әрбір азаматтың өзінің ЭЦҚ (ЭЦП) қолтаңбасы болуы қажет.

Кезекке тіркелу үшін ҚР "Тұрғын үй қатынастары туралы" заңының  67-бабының талаптарына сәйкес белгіленген санаттардың біріне енуі, отбасының тұрғылықты мекен-жайы соңғы 3 жыл көлемінде Шымкент қаласында болуы және иелігінде соңғы бес жыл көлемінде тұрғын үй тіркелмеуі шарт.

Кезекке тіркелу үшін келесі санаттардағы азаматтар өтініш білдіре алады:

  • Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;
  • жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  • "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;
  • ​халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы;
  • ​мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйым және  әскери қызметшілер;
  • ​жалғыз тұрғын үйі апатты деп танылған азаматтар.
Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары