Тікелей эфир

Шығыс Қазақстанда 23 тонна күкірт қышқылы тиелген жүк көлігі аударылды

Жол-көлік оқиғасы 7 шілдеде Күршім ауданындағы Ақбұлақ пен Егіндібұлақ ауылдарының арасында болған.

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында 23 тонна күкірт қышқылын тиеп келе жатқан жүк көлігі аударылды, деп хабарлады ҚазАқпарат агенттігі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 7 шілдеде Күршім ауданындағы Ақбұлақ пен Егіндібұлақ ауылдарының арасында болған.

Фото: ШҚО полиция департаменті

"23 тонна күкірт қышқылы тиелген жүк көлігі аударылып қалды. Жол апаты салдарынан 20 тоннаға жуық күкірт қышқылы төгілген. Қазіргі уақытта арнайы техниканың көмегімен апаттық-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құқықтық баға мен кінәлілердің жауапкершілігі заңға сәйкес белгіленеді", – делінген ШҚО полиция департаментінің хабарламасында.

Оқиға орнында аудан әкімі мен уәкілетті орган өкілдерінен тұратын комиссия да жұмыс істеп жатыр.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары