Тікелей эфир

Сутегімен жүретін пойыз сынақтан өтті

Пойыз 800 шақырым қашықтыққа тоқтаусыз жүре алады.

Германиядағы Siemens компаниясының сынақ полигонында Mireo Plus H пойызы алғаш рет жолға шықты. Оған қоса сутегі пойызына жанармай құюға арналған жылжымалы станция да таныстырылды, деп хабарлады Rail-news.kz.

Сынақ алаңына Германия темір жол басқармасының (DB) төрағасы Рихард Лутц, ГФР Цифрландыру және көлік министрлігінің мемлекеттік хатшысы Хармут Хёппн және Siemens компаниясының басшысы Роланд Буш барды.  

Mireo Plus H пойызы мен жанармай құю станциясы DB мен Siemens Mobility-дің 2020 жылдың қараша айынан бастап Федералды цифрландыру және көлік министрлігінің қаржылық қолдауымен жүзеге асырып жатқан Mireo Plus H жобасының бір бөлігі ретінде әзірленді.  


Оқи отырыңыз: Қазақстандық оқушылар қалай Amazon мен Google мамандарын таң қалдырды?


Соңғы бірнеше айда сутегімен жүретін пойыздың жанармай құю процестері сынақтан өтіп, сертификаттау жұмыстары жүргізілді.

Mireo Plus H пойызы жанармай құю бекетіне тоқтаған соң, 800 км-ге дейін жүре алады. Негізгі көрсеткіштері бойынша ол электр пойыздарына сәйкес келеді және жылдамдығын 1,1 м/с²-ге дейін үдетіп,  160 км/сағ игере алады.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары