Тікелей эфир

Сұйытылған мұнай газын сатумен айналысатын кәсіпкерлерге қатысты тергеу басталды

Тергеудің алдын ала қорытындылары 20 күн ішінде шығарылатын болады.

2022 жылдың 7 қаңтарында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада сатумен айналысатын кәсіпкерлерге қатысты тергеуді бастады.

 

Хабарламаға сүйенсек, тергеуге 180 бөлшек сауда өткізушісі ілінген: Маңғыстауда – 85, Қарағандыда – 14, Атырауда - 22, Ақмолада - 22, Қызылорда облысында - 12, Нұр-Сұлтан қаласында – 4, Шымкентте – 5, Қостанай облысында - 4, СҚО - 4, Түркістан облысында - 5, Жамбыл облысында - 2, Алматы облысында - 1.

 

Барлық өңірлерде монополияға қарсы тергеу жүргізуге сұйытылған мұнай газы (СМГ) бағасын бекіту және ұстап тұру бөлігінде бағаны келісіп белгілеу белгілері себеп болған. Мысалы, СҚО-да газды сату кезінде 4 нарық субъектісінің бағаны көтеруге қатысты келісілген іс-әрекеттері анықталды.

 

СМГ сәуір айында наурызға қарағанда электрондық сауда алаңдарында 1,6%-ға өскенде субъектілер бағаны 5,3%-ға көтерген.

 

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша тергеудің алдын ала қорытындылары 20 күн ішінде шығарылатын болады.

 

Тергеуден бөлек, нарық субъектілеріне монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілері туралы 31 хабарлама шығарылды. Сондай-ақ, бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу бойынша 5 тергеу аяқталды.

 

СМГ үлесінің 60%-ын көтерме саудада сататын «СНПС-Ақтөбемұнайгаз», АҚ-ға қатысты тоннассына 127 мың теңге көлемінде монополиялық жоғары баға белгілегені үшін тергеу басталды, бұл саудада базалық бағаның 120 %-ын құрады.

 

Сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада сатушылар арасында газжелілік ұйымдар жауапкершілікке тартылды. Атап айтқанда, «АЗС-Лидер» ЖШС-нің (Ақтөбе) СМГ-ны жекеменшік ЖҚС иелеріне сатудан негізсіз бас тартқаны анықталды. Осыған байланысты 5,3 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сондай-ақ, «АЗС-Лидер» ЖШС және «Еламан» ЖШС әрекеттерінде бағаны келісіп белгілеу фактілері анықталды, осыған байланысты, сәйкесінше оларға 4-2 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

 

Баллондардағы сұйытылған мұнай газын сату кезінде бәсекелестіккк қарсы келісілген іс-әрекеттері үшін «ГоргазАстана 2050» ЖШС сотпен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 160 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

Серіктестер жаңалықтары