Тікелей эфир

Су тасқынынан зардап шеккендердің салық төлемдері қалай шегеріледі

Мемлекеттік кірістер комитеті салықты шегеру тәртібін әзірледі.

Ашық НҚА порталында Қазақстандағы су тасқынынан зардап шеккендердің салық төлемдерін кейінге шегеруді көздейтін Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасы бұйрығының жобасы жарияланды. 

Оған сәйкес, 1 наурыз бен 1 шілде аралығында орындалмаған салық міндеттемелеріне өсімпұл есептелмейді. 

Сондай-ақ: 

  • төлеу мерзімі 2024 жылғы 1 наурыздан бастап 30 маусымға дейінгі кезеңде басталатын, барлық салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер бойынша төлеу мерзімін 2024 жылғы 1 шілдеге дейін кейінге қалдырылады;
  • 2024 жылғы 1 наурыздан бастап 30 маусымға дейінгі кезеңде басталатын салық есептілігін тапсыру мерзімдері 2024 жылғы 1 шілдеге ауыстырылады;
  • мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету және салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қабылдау 2024 жылғы 1 шілдеге дейін тоқтатылады;
  • орындау мерзімі 2024 жылғы 1 наурыздан бастап 30 маусымға дейінгі кезеңде басталатын, камералдық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік кірістер органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындау мерзімі 2024 жылғы 1 шілдеге дейін ұзартылады. 

Оқи отырыңыз: Қырғызстанда бүгін "Қазақстанға 112 сағат қолдау" марафоны басталады


Құжат жобасы 29 сәуірге дейін жария талқыға ұсынылған. 

 

Серіктестер жаңалықтары