Су тасқынына дайындық: 239 шақырым өзен арнасы тазартылды

Фото: ural56.ru
Фото: ural56.ru
Былтыр 36 жылда алғаш рет Ақтөбе су қоймасына кешенді реконструкция жасалды.

Су тасқынына дайындық аясында 239 шақырым өзен арнасын тазарту, кеңейту және түбін тереңдету жұмыстары жүргізілді, деп хабарлады Су ресурстары және ирригация министрлігі.

Тазартылғандар ішінде Ертіс өзенінің 27,4 шақырымы, Қиғаш өзенінің 73,7 шақырымы, Нұраның 1,1 шақырымы, Жайықтың 51,5 шақырымы және Жем өзенінің 85,5 шақырымы тазартылды.

Жалпы министрлік өзен учаскелерін санациялаудың кешенді жоспары аясында 2027 жылға дейін 10 облыста жалпы ұзындығы 815 шақырым болатын 51 өзен арнасын және бір көлді тазарту жұмыстары қарастырып жатыр. Бұдан бөлек, "Қазсушар" кәсіпорны еліміздің бірқатар өңірінде 1147 шақырым каналды механикалық тазартудан өткізіп, 230 су құрылысын жөндеді.

"Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес еліміздің 10 облысында жаңадан коммуналдық меншіктегі гидротехникалық құрылыс-жайларды пайдалануға жауапты мамандандырылған ұйымдар құрылды. Олардың балансына 809 нысан қабылданды. 931 маман жұмысқа алынып, 203 техника берілді", – деді су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Былтыр 36 жылда алғаш рет Ақтөбе су қоймасына кешенді реконструкция жасалды. Ал Батыс Қазақстан облысындағы Киров су қоймасы 58 жылда бірінші рет жөнделді.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары