Тікелей эфир

Су тасқыны: Төтенше жағдай жарияланған өңірлерде 100 сәби дүниеге келді

Тосыннан келген тасқынмен арпалысып жатқан өңірлерде төтенше жағдай жарияланғалы 100 сәби дүниеге келген.

Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, Ақмола облысында 32 бала өмірге келсе, Батыс Қазақстан өңірінде 22 ана нәрестелі болған, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Атырау облысында 18, Ақтөбе облысында 14, Қостанай облысында 8, Абай облысында 4 және Қарағанды облысында 2 бала туылған. Су тасқыны басталғалы 84 жүкті әйел эвакуацияланып, босану мерзімі жақындаған 31 ана ауруханаға жатқызылған.


Оқи отырыңыз: ҚХА су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге 253 млн теңге қаржылық көмек көрсетті


Еске сала кетсек, ҚХА су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге 253 млн теңге қаржылық көмек көрсетті. Гуманитарлық көмек Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарына жіберілді.

Серіктестер жаңалықтары