Атырауда екі ауылды жалғайтын жолды бес күннен бері су басып жатыр.
Бұл туралы Атырау облысының жедел штабы хабарлады. Баспасөз қызметінің мәліметінше, жолдың үстімен аққан тасқын су әлі тоқтамаған.
"Кейінгі бес күннен бері Хамит Ерғалиев-Таңдай бағытындағы жолды су басу жағдайы сақталып отыр. Судың көп мөлшерде келуіне байланысты асфальт та, оның астындағы топырақ та әбден ылғалданды. Сол себепті, аталған жол бойында жазатайым оқиғаларды болдырмау мақсатында жүк қозғалысына шектеу енгізілді", – делінген хабарламада.