Тікелей эфир

Су тасқынынан зардап шеккен Көкшетау тұрғындары жаңа баспанаға ие болды

Фото: Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі
Сондай-ақ, 174 отбасы 65 млн теңгеден астам сомаға біржолғы төлем алды.

Пәтер кілтін табыс еткен Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов мемлекет залалды азайту үшін барлық шараларды қолданып жатқанын атап өтті, деп хабарлады Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ақмола облысында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың қажеттіліктерін шешу бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде. Бүгін сіз пәтер алған алғашқы адам болдыңыз. Отбасыларыңызда бәрі жақсы болып, қиыншылықтар артта қалсын", – деді Марат Ахметжанов. 

Фото: Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі

Мемлекеттік қордан алғашқы тұрғын үй алушылар Қапаровтар және Никулиндер көпбалалы отбасылары болды. Алынған пәтерлерді тұрғындар өздері таңдады. Пәтерде тұру үшін қажет нәрсенің бәрі бар.

"Президентке біздің мәселелерімізді тез шешкені үшін алғыс айтамыз.  Біздің отбасымыз үшін бұл үлкен қуаныш, балалар риза, барлығына үлкен рахмет. Біз өз тарапымыздан осы үйде тек қуанышты сәттердің болуына тырысамыз", – деді Сәуле Қапарова.

Өңірде шығындарды өтеу және жою жөніндегі жұмыс тұрғын үй қатынастары туралы қолданыстағы заңнама шеңберінде жалғастырылатын болады. Кеше облыс орталығының 174 отбасы 65 млн теңгеден астам сомаға біржолғы төлем алды. Сондай-ақ, материалдық шығындарды бағалау және өтеу жөніндегі комиссия 12 отбасына 8 млн теңгеден астам көлемде материалдық залалды өтеу туралы шешім шығарды. 

Сонымен қатар, арнайы комиссия қазіргі уақытта тұрғын үйдің одан әрі тұруға жарамдылығын анықтау бойынша техникалық тексерулер жүргізіп жатыр. 

Серіктестер жаңалықтары