Қазақстанда 19 тамыздан бастап республика мұғалімдерінен ПББ сынағына қатысу үшін өтініш қабылданып жатыр. Өтініш қабылдау 23 тамызда аяқталады, ал емтиханның өзі 21-29 тамыз аралығында өтеді.
Бүгін Ұлттық тестілеу орталығы биыл су тасқыны болған өңірлердің мұғалімдері үшін педагогтің білімін бағалауды өткізу уақыты 7 қыркүйекке дейін ұзартылғанын мәлімдеді. Бірақ, өтініш қабылдау уақыты өзгермейді.
Су басқан өңірлер: Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай облыстары.
"Өтініш қабылдау 2024 жылғы 19-23 тамыз аралығында ҰТО сайтында (сондай-ақ UTO қосымшасында) жүргізіледі. Бұл тестілеуге санаты жоқ үміткерлер, біліктілік санаттарын арттыратын және растайтын педагогтер (барлығы) қатыса алады. Білім беру ұйымының педагогтері ПББ-ға бір күнтізбелік жыл ішінде 2 рет өтініш бере алады: бір рет тегін, бір рет ақылы", – делінген Ұлттық тестілеу орталығының хабарламасында.
Еске салайық, бұған дейінгі педагогтердің білімін бағалау 10 шілде мен 13 тамыз аралығында өткен болатын.
Педагогтердің білімін бағалау қалай өтетіні жайлы Информбюроның түсіндірме материалынан оқи аласыздар.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда ұстаздардың білімін бағалауға өтініш қабылдау басталды