Тікелей эфир

Студенттерге оқу ақысын төлеу үшін 2-3 пайыздық несие беріледі

Мемлекет тарапынан талапкерлерге арнап қосымша гранттар қарастырылып отыр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев талапкерлерге қосымша гранттар бөлінетінін мәлімдеді. Мұнымен қатар, студенттерге оқу ақысын өтеу үшін мөлшерлемесі төмен несие берілмек. 

"Отандық жоғары оқу орындарының сапасының артуына қарай оқу ақысы да өсетін болады. Сол себепті мемлекет білім беру гранттарын бөлуді жоспарлап отыр. Бұл гранттар ҰБТ нәтижелері мен өзге де көрсеткіштерге байланысты мөлшері бойынша 30-дан 100 пайызға дейін сараланады", – деді президент. 


Оқи отырыңыз: Қаңтар оқиғасына қатысушыларға бір реттік рақымшылық жасалады


Мұнымен қатар, мемлекет басшысы оқу ақысын өтеу үшін мөлшерлемесі аз несие берілгелі отырғанын атап өтті. 

"Оқуға жылдық 2-3% жеңілдікпен несиелер де берілетін болады. Көрсетілген шаралар жоғары білімді неғұрлым қолжетімді етеді, сондай-ақ, қоғамда әріптестік пен өзара жауапкершілік идеологиясын нығайтады", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Серіктестер жаңалықтары