Тікелей эфир

Стратегия: "2,3 млн қазақстандықтың табысы тамағынан артылмайды". Үкімет жауабын ұсынамыз

Елде жалдамалы жұмыстардағы азаматтар саны 6,7 млн адамды құрады.

2022 жылдың ІІІ тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстанда жалданып жұмыс істейтін азаматтар саны 6,7 млн адамды құрады. Оның ішінде 1,86 миллионнан бастап 2,3 миллионға дейінгі қазақстандықтың жұмысы болса да, тапқан табысы қажеттілігін өтеуге жетпейді. Осы орайда, ҚХП фракциясының депутаттары премьер-министр Әлихан Смайыловқа депутаттық сауал жолдап, "жұмыс істейтін кедейлер" жағдайын жақсарту үшін бірқатар шара қолдануды сұраған болатын. 

"Стратегия" әлеуметтік-саяси зерттеулер орталығы жүргізген сауалнама барысында респонденттердің 32,2 пайызы өзін жұмыс істейтін кедейлер қатарына жатқызды.

Мұнымен қатар респонденттердің:

  • 81,8 пайызы толық жұмыс күні кіретін келісімшарт жасасқан;
  • 10 пайызға жуығы бір күнде бірнеше сағат жұмыс істеген;
  • 5 пайызы келісімшарт бойынша маусымдық жұмыстарға орналасқан;
  • 13,7 пайызының еңбек шарты көңілінен шықпайды;
  • әрбір екіншісін алып жүрген жалақысы қанағаттандырмайды.

"Зерттеу нәтижесінде "жұмыс істейтін кедейлердің" 75 пайызының табысы айына 204 мың теңгеден аспайтыны анықталды. Респонденттердің 33 пайызы 85-143 мың теңге арасында жалақы алады. Осыған қарамастан "жұмыс істейтін кедейлер" табысының көп бөлігін тамақ алуға жмұсауға мәжбүр – 50,7%. Мұнымен қатар, қазақстандықтардың жалақысы арасында 6,4 есе алшақтық бар. "Жұмыс істейтін кедейлер" білім, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, мәдениет және өнер, тұрғылықты мекенжайы бойынша қызметтер секілді салаларда көп", – делінген депутаттық сауалда.


Оқи отырыңыз: Оқушыларға неше жастан, қайда, қандай және қанша уақыт жұмыс істеуге рұқсат?


Сондай-ақ, депутаттар Қазақстан экономикасы мен саясатында "жұмыс істейтін кедейлердің" қағаз жүзінде жоқ болса да, келесі салдары болуы мүмкін екенін айтады:

  • кедейліктің бұл түрінің ұрпақтан ұрпаққа берілуі;
  • қоғамда теңсіздіктің күшеюі;
  • адам капиталы сапасының төмендеуі әсерінен мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігінің төмендеуі;
  • басқаның есебінен күн көруге тырысатын азаматтардың көбеюі;
  • мемлекет бюджетіне түсетін ауыртпалықтың нығаюы;
  • еңбекке қабілетті мықты мамандардың шетел асып кетуі және т.б.

Осы орайда, ҚХП фракциясының депутаттары премьер-министрден нақты шаралар қабылдауды сұрады. 

"Біріншіден, үкімет кейпіндегі мемлекеттің елде "жұмыс істейтін кедейлердің" бар екенін мойындайтын уақыт келді. Екіншіден, мемлекет бұл проблеманың көлемін анықтап, оған қанша ресурс кететінін анықтауы тиіс. Үшіншіден, нақты механизмдер енгізуі қажет", – делінген депутаттық сауалда.


Оқи отырыңыз: Қуантыров: Бала Ұлттық қордан үлесін алу үшін 18-ге толғанға дейін азаматтығын ауыстырмауы керек


Әлихан Смайылов депутаттарға берген жауабында әлеуметтік кодекс жобасы шеңберінде 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап ЕТЖ есептейтін халықтың орташа табысы негізінде кедейлік шегінің мөлшерін мемлекеттің экономикалық мүмкіндіктеріне байланысты пайыздық мәнде халықтың жан басына шаққанда орташа есеппен есептеу ұсынылатынын атап өтті.

"Осылайша кедейлікті бағалау үшін орташа табыс қолданылатын еуропалық стандарттарға жақындаймыз және оның мөлшерінің 50-60 пайызы әлеуметтік көмек көрсету үшін пайдаланылады. (Канада – 50%, Швеция, Норвегия, Дания, Австрия, Германия, Франция – 60%). Тұтыну бюджеттері жүйесін пайдалануға және балалар тұтыну себетін енгізуге қатысты "Ең төменгі тұтыну бюджеті туралы" заң 1991 жылы азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар мен қызметтердің заттай және құндық мәндегі жиынтығы болатын ең төменгі күнкөріс деңгейін анықтаудың нормативтік тәсілін белгілей отырып ең төменгі әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету үшін қабылданды. Алайда, бағаны тұрақтандыру және гиперинфляция нәтижесінде халықтың нақты табысының күрт өзгеруі бүкіл халықтың нақты тұтынуын айтарлықтай өзгертті, соның арқасында аталған заң қабылданған сәттен бастап айтарлықтай әсер етпеді. "Ең төменгі әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" заңмен ең төменгі күнкөріс деңгейі, ең төменгі ақшалай табыс бір адамға шаққандағы ең төменгі тұтыну себетінің құнына тең және адам өмірін қамтамасыз ету үшін қажетті азық-түлік, тауарлар мен қызметтердің ең аз жиынтығы болады", – деп түсіндірді Әлихан Смайылов. 

Премьер-министрдің айтуынша, бүгін ең төменгі күнкөріс деңгейін статистика органдары тоқсан сайын республика бойынша және өңірлер бойынша жан басына шаққандағы орташа есеппен және халықтың жыныстық-жас топтары, соның ішінде балалар бойынша есептейді.

"Халықаралық сарапшылардың пікірінше, қазіргі уақытта қолданылатын азық-түлік себеті гендік-модификацияланған тағамсыз және дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тамақтану талаптарына сәйкес келетін тамақтану институтының ұсыныстарына сәйкес әзірленген. Осыған байланысты балалар тұтыну себетін жеке есептеу орынсыз", – деп қосты премьер-министр. 


Оқи отырыңыз: Қазақстан халық әртістерінің үстемеақысы 2 есе артады. Министрлік 3 жылға 16,5 млн теңге сұрап отыр


 

Серіктестер жаңалықтары