
Жолды 2025 жылғы 20 ақпан сағат 19:00-де ашу жоспарланған.
2025 жылғы 20 ақпан сағат 08:00-де СҚО-да бірқатар республикалық маңызы бар жолдарда көліктің барлық түрінің қоғалысына шектеу қойылды.
"ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ мәліметінше, шектеу теміржол өткелін жөндеу және резинотехникалық жабынын ауыстыруға байланысты енгізілді. Қозғалыс шектеуі көліктің барлық түріне қатысты келесі учаскелерге енгізілді:
- "Петерфельд-Архангельск-Новокаменка"
- "Жезқазған-Арқалық-Петропавловск" автожолының 0-13 шақырым аралығындағы учаскеcінде (Петерфельд ауылы -Архангельск ауылы);
"Жолды 2025 жылғы 20 ақпан сағат 19:00-де ашу жоспарланған", – делінген хабарламада.