Тікелей эфир

ШҚО-да қызметкерлерден ақша жинаған балабақша меңгерушісі қызметінен босатылды

Зайсан қаласындағы "Ертөстік" балабақшасының басшылығы мемлекеттік аттестациядан өту үшін еңбек ұжымынан ақша жинаған.

Білім беру ұйымын мемлекеттік аттестациядан өткізу үшін еңбек ұжымынан ақша жинау фактісі тағы да қайталанды. Бұл жолы заң бұзушылық

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласындағы "Ертөстік" балабақша басшылығы білім беру ұйымын мемлекеттік аттестациядан өткізу үшін еңбек ұжымынан ақша жинады. Бұл туралы БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова хабарлады.


Оқи отырыңыз: 10 жылда республикада 520 балабақша салынды. Алматы мен Нұр-Сұлтанда неге тапшы?


"Шағым Шығыс Қазақстан облысының Білім беру ұйымдары педагогтерінің педагогикалық әдеп және құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші орган отырысында қаралды. Қаражат жинау фактісі расталды. Білім беру ұйымдары педагогтерінің педагогтік әдеп және құқықтарын қорғау мәселелері бойынша консультативтік-кеңесші органның ұсынысымен "Ертөстік" балабақшасының меңгерушісі қызметінен босатылды", – деп жазды Гүлзат Көбенова.

Комитет төрайымының айтуынша, мұндай ақша жинау фактісі бұған дейін Түркістан және Алматы облыстарында тіркелген. Гүлзат Көбенова білім саласындағы сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау үшін дереу Комитеттің аумақтық органдарына және құқық қорғау органдарына хабарлауды сұрады.


Оқи отырыңыз: Елордада балабақшада 2 жасар сәбиді ұрды деген күдікпен тәрбиеші тергеліп жатыр


 

Серіктестер жаңалықтары