Тікелей эфир

Шомылуға болатын және болмайтын су айдындарын 2gis-тен білуге болады

Қазақстан бойынша 490 су айдынында шомылуға рұқсат берілген.

Бұдан былай қазақстандықтар шомылуға рұқсат берілген және керісінше тыйым салынған су айдындары туралы ақпаратты мобильді қосымшада көре алады, деп мәлімдеді ҚР ТЖМ азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Бауыржан Сыздықов.

Бауыржан Сыздықов жыл басынан бері тұрғындарға 120 мыңнан астам жадынама таратылып, су айдындарында екі мыңнан астам қауіпсіздік белгісі орнатылғанын айтты.

"2GIS картографиялық платформасында елдің барлық өңіріндегі су айдынында шомылуға тыйым салынған және керісінше рұқсат етілген орындар туралы мәлімет көрсетілді. Қазір тыйым салынған 4 994, рұқсат етілген 490 орын бар", – деді комитет басшысы.


Оқи отырыңыз: Қай демалыс орындары жазғы жеңілдіктер ұсынады?


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары