Тікелей эфир

Солтүстік өңірлерге қоныс аударғандардың 30 пайызы – Түркістан облысының азаматтары

6 жылда Түркістан өңірінен 7 381 адам көшсе, биыл жыл басынан бері 1 341 теріскейге қоныс аударды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "Еңбек" бағдарламасы бойынша Солтүстік өңірлерге қоныс аударушылар үшін 2021 жылға 6 039 отбасыға квота бөлді. Шетелден келген қандастарымызға 1 426 отбасыға квота ұсынылып отыр. Бұл деректерді Nur Otan партиясының Түркістан облысы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев келтірді.

Биыл жыл басынан бері 7 айда Солтүстік өңірлерге Түркістан облысынан 302 отбасы, яғни, 1341 тұрғын қоныс аударды. Бұл – республика бойынша қоныс аударушылардың 30 пайызы. Ал өткен жылы (12 айда) 347 отбасы – 1 066 адам қоныс аударған болатын.

"Солтүстік өңірлерге көшкен отбасы бірден 3 мәселенің шешіміне қол жеткізеді. Баспана, тұрақты жұмыс, шаруашылық жер. Ал мемлекет үшін -жұмыс күші, демография, қалыпты экономикалық даму сақталады. Мұның сыртында ең бастысы соңғы кездері жиі талқыға түскен ұлттық мәселелер – тіл, діл, дін, руханият көптің қалауымен өз шешімін табар еді", – деді Бейсен Тәжібаев.


Оқи отырыңыз: 1,5 млн адам жұмыс тауып, 40 мың несие рәсімделген. "Еңбек" бағдарламасы аясында қалай кәсіп бастауға болады?


 Бағдарлама жүзеге асырылған 6 жылдың ішінде Түркістан өңірінен 2 024 отбасы – 7 381 адам көшкен.

"Халқының саны 3,2 млнға жақындаған, жылына 80 мың сәби дүниеге келетін Түркістан, Шымкент үшін бұл көп емес", – деп жазды партия өкілі.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары