Қазақстандағы барлық соғыс ардагері мен тыл еңбеккері ҚТЖ пойыздарында тегін жүре алады. Мұндай акцияны "Жеңіс" бастамасы аясында Samruk-Kazyna Trust әлеуметтік жобаларды дамыту қоры қолға алып отыр, деп хабарлайды Elorda.info.
Акция Қазақстан мен ТМД елдері аумағындағы пойыздардың ҚТЖ қызмет көрсететін бағыттарын қамтиды. Бұл мүмкіндікті 1935 жылдың 31 желтоқсанына дейін туған соғыс қатысушылары мен мүгедектері, тыл еңбеккерлері мен еңбек майданының қатысушылары пайдалана алады.
Мұндай жеңілдік 2014 жылдан бастап жыл сайын жасалып келеді. Тек өткен жылы тегін сапарлар 550-ден астам рет пайдаланылды. Науқан 2022 жылы маусым айының соңына дейін жалғасады. Алайда ол тағы бір жылға ұзартылуы ықтимал.
Оқи отырыңыз:
- Қазақстанда соғыс ардагерлеріне қандай қолдау көрсетіледі?
- Нұр-Сұлтанда 18 ардагер 1 млн теңгеден алады
- Алматыда ҰОС ардагерлері биыл 1 млн теңгеден алады
- Қазақстанда ҰОС 665 ардагері қалды. Оларға қандай әлеуметтік қолдау шаралары көрсетіледі?
"Науқан бойынша жол жүру құжаттарын рәсімдеу үшін билет кассасына жеке басты куәландыратын құжаттың түпнұсқасын және екінші дүниежүзілік соғысы ардагерінің немесе тыл еңбеккерінің куәлігін ұсыну қажет. ТМД елдеріне барған кезде тегін жол жүру құжаттары (билеттері) тек Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан сату пункттерінде рәсімделеді", – делінген хабарламада.