Тікелей эфир

Синоптиктер Қазақстанның 18 аймағында ауа райы бұзылатынын ескертті

Алматыда 21 қарашада түнде және таңертең кей уақыттарда тұман түседі.

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 21 қарашада Қазақстанның 18 аймағында күн райы бұзылатынын ескертті.

21 қарашада Қарағанды облысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, күндіз 15-20. 

Астанада тұман, көктайғақ күтіледі. Күндіз бұрқасын. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады.

Түнде және таңертең Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

21 қарашада түнде және таңертен Жетісу облысының таулы аудандарында тұман түседі. Батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысының батысында қатты жауын-шашын (көбінесе қар) күтіледі. Көктайғақ, облыстың батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың батысында, оңтүстігінде күші 15-20, екпіні 23 м/с. 

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.

Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде тұман түседі.

Түнде және таңертең Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі.

Жамбыл облысының таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с.

21 қарашада Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с.

Таңертең және күндіз Ақмола облысының оңтүстік-батысында, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың басым бөлігінде бұрқасын, көктайғақ, тұман болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20. 

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында 15-20 м/с.

21 қарашада түнде Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігінде, тау етегіндегі, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.

Алматыда 21 қарашада түнде және таңертең кей уақыттарда тұман түседі. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары