Тікелей эфир

Шілдеде Түркістандағы Ясауи кесенесіне кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі

Зерттеу жұмыстарына республикалық бюджеттен қаржы бөлінген.

Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы Түркістан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды кесененің техникалық жағдайын зерттеу мемлекет деңгейінде көтеріліп отырған мәселе екенін атап өтті. 

"Өткен жылы әр саланың білікті мамандарынан құралған жұмыс тобы зерттеу жұмыстарын жүргізген болатын. Сала мамандары кесененің жай-күйіне кері әсер ететін күрделі айтарлықтай сыртқы факторлардың жоқ екендігі туралы хабардар етті. Дегенмен ескерткіштің тікелей өзіне қатысты бірнеше проблемалары бар. Зерттеу жұмыстарына республикалық бюджеттен қаржы бөлінді", – деді облыс әкімі Дархан Сатыбалды.

Министрліктің мәліметінше, 2023 жылы шілде айында, кесененің күмбезіне ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп, реставрация жасалу жоспарланып отыр.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары