Келер айда қазақстандықтар 11 күн демалады.
Мемлекеттік рәміздер мерекесіне орай жұмыс күндерінің орны ауысқандықтан, қазақстандықтар шілдеде 11 күн демалады.
6 шілде күні қазақстандықтар мемлекеттік мереке – Астана күнін атап өтеді. Жұмыс уақытын тиімді пайдалану үшін 1 шілдедегі (сенбі) демалыс күні 7 шілдеге (жұма) ауыстырылды. Осылайша жұма – 7 шілде күні демаламыз.
2023 жылы демалыс күндердің ауыстырылуының арқасында 6-9 шілде аралығында 4 күн қатар демаламыз.
Осылайша, шілде айында келесі күндері демаламыз:
- егер 5 күндік жұмыс аптасы болса – 2, 6-9, 15-16, 22-23, 29-30 күндері;
- 6 күндік жұмыс аптасы болса – 2, 6, 9, 16, 23, 30.
Оқи отырыңыз: ТОР-5: Қазақстанның туристік қалалары