Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына сәйкес, Шымкент қаласындағы "№3 балалар эстетикалық саз мектебіне күйші композитор, дирижер, домбырашы Нұрғиса Тілендиевтің есімі беріледі.
"Шымкент қаласының білім басқармасының "№ 3 балалар эстетикалық саз мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына Нұрғиса Тілендиевтің есімі берілсін. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі" делінген қаулы жобасында.
Қаулы жобасы 30 қарашаға дейін қоғам талқысына ұсынылған.
КСРО халық әртісі, Халық Қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің дүниеге келгеніне биыл 92 жыл. Сазгер 500-ден астам музыкалық төл туындының авторы. Нұрғиса Тілендиевтің атымен республикадағы музыка мектептері, музейлер мен көшелер аталған.
Еске салайық, Нұрғиса Тілендиев бейнеленген мурал 2021 жылы Астана қаласында салынған болатын.
Оқи отырыңыз: Елордада Нұрғиса Тілендиев пен Батырхан Шүкеновке мурал салынды