Тікелей эфир

Шымкентте мемлекеттік ту көтерілді

depositphotos.com
depositphotos.com
Осыған орай бүгін Шымкентте Тәуелсіздік алаңында Туымыз көкке көтерілді.

Ұлттық және мемлекеттік мереке ретінде қоғамдық қолдауға ие болған Республика күні Қазақстанның жаңа тарихында еліміздің басты мерекелерінің бірі болып қайта оралды.

Салтанатты рәсімге қала басшысы Мұрат Әйтенов, халық қалаулылары, құқық қорғау орган басшылары, сот, қоғам белсенділері мен БАҚ қатысты. 

"25 қазан – Республика күні – егемендігіміз бен елдігіміздің нышаны. Көк туымыз көктен түспесін, бай-қуатты мәңгілік мемлекетке айналайық! Шым шаһарымыз бұдан да көркейіп, гүлденуі жолында сіз бен біз боп бірлесе атсалыса берейік!” – деді қала әкімі. 

Шымкент қалалық опера және балет театрының хор ұжымы “Көк тудың желбірегені” әнін орындап, әскери үрмелі оркестрдің орындауында патриоттық музыкалық әуендер шырқалды.

Мерекені айшықтай түсу мақсатында салтанатты шара вело және көліктер шеруіне жалғасты.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары