Онда қариялар дәрігерлік тексерістен бастап, массаж, йога, бассейн сияқты қызмет түрлерін тегін алуға болады. Сонымен қатар қазақ, ағылшын және араб тілдерін меңгеруге мүмкіндік бар. Мекеменің ашылу салтанатына арнайы қала әкімі Мұрат Әйтенов қатысып, зейнеткерлерге қандай жағдай жасалғанымен танысты.
Жалпы бұл елімізде теңдесі жоқ бірегей жоба. Орталық ең алдымен Шымкент қаласында ашылған. Ал қазірде тәжірибе алмасу мақсатында Қазақстанның 7 өңірінде жұмыс істеп жатыр.
"Орталықта 27 қызмет түрлері бар. Сонымен қатар, олар әр бөлімшеде қайталанбайды. Мысалы негізгі орталықта физиатерапия бар болса, бірінші бөлімшеде тұзды кеніш, ерлердің еңбегі, арттерапия бар. Ал бүгін ашылған бөлімшеде бассейн, инемен емдеу, садақ ату сияқты қызмет түрлері қосылған", – дейді орталық басшысы Мауия Алданазарова.
81 жастағы Жақсыбай Оңалбек бүгінге дейін ең алғаш ашылған орталық қызметін алып келген. Мұның зейнеткерлерге тиімді екенін айтқан қария осындай мүмкіндік жасап жатқан шенділерге алғысын білдірді.
"Қаланың әкіміне, осындай орталық ашып отырған барлық басшыларға рақмет. Әр жерде жиналып карта ойнап, арақ ішіп отырғаннан көрі, осылай пайдалы іспен айналысқан дұрыс. Барлығының басы қосылатын осындай орталық ашқаны керемет. Бүгін үшінші жерде ашылып жатыр. Бұл үлкен мереке", – дейді зейнеткер.
Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан нарбекованың айтуынша, қызмет алу үшін ХҚКО-на барып, құжат тапсырып, кезекке тұру керек. Бір келген азамат, 3 айға дейін тегін қызмет алуына мүмкіндік бар.
Кекзекке тұру үшін жеке куәлік және зейнеткерлік куәлік көшірмесі, аумақтық дәрігерінен алған амбулаторлық картадан үзінді, флюрография, психдиспансерде және наркодиспансерде тұрмайтындығы туралы анықтама, вакцинация және құжат тігілетін мұқаба қажет.
Қосымша ақпарат алу үшін 53-02-08, 8 705-220-15-00, 8 708-270-90-49 байланыс номеріне хабарласуға болады.