Тікелей эфир

Шымкентте бейіт үстінде салына бастаған жолдың құрылысы тоқтады

Мамандардың сөзінше, бұл жерде Алаш қайраткері Жүсіпбек Аймауытовтың да сүйегі болуы мүмкін.

Шымкенттегі Қайтпас елді мекенінде саяси қуғын-сүргінге ұшырағандардың қорымы үстінен салына бастаған жол құрылысы тоқтатылды. Әкімдік қолға алынған жобаға өзгеріс енгізбек, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Әзірге жаңа жол қай жер арқылы өтетіні белгісіз. Ал репрессия құрбандарын зерттеуші мамандар бұл өңірде 7 мыңнан астам азамат саяси қуғын-сүргінге ұшыраса, тура осы Албастысайда соның 2 мыңнан астамы атылған деген дерек айтып отыр. Құрбан болғандар арасында Алаш қайраткері Жүсіпбек Аймауытовтың да сүйегі болуы мүмкін.

"Бұл жерде арнайы комиссия құрылуы керек деп есептеймін. Ол комиссия археологтар мен антропологтардан тұруы керек. Археологтар осы жердің қыр-сырын, топырақтың астындағы дүниені зрттесе, антрополог мамандар сүйекті зерттейді. Бұл жердің барлығы қорым болуы мүмкін. Сондықтан бір жақты қарамай, мамандарға сүйеніп, зерттеу керек", – дейді Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражайы директорының орынбасары Гүлмира Серікбаева.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары