Тікелей эфир

Шымкент тұрғыны бауырына бүйрегін берді

Шымкентте кезекті бүйрек трансплантациясы сәтті өтті.

№1 қалалық клиникалық аурухана базасындан ағза алмастыру отасы жасалды.

Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, дәрігерлер отаны екі кезеңмен жасады. Олар донордан бүйрек алып, кейін ағзаны рецепиентке хирургиялық жолмен салып берді.

2001 жылы туған науқас сырқатына байланысты  6 жылдан бері гемодиализ аппаратына тәуелді болған. Оған 1996 жылғы туған ағасы бүйрегін берді. Ота  сәтті өтті. Екеуінің де отадан кейінгі жағдайы жақсы.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда жүрек талмасына ұшырайтындар саны 13% азайды.


"Дәрігерлер ағзасын берген азаматты ауруханадан үйіне шығарды. Мұндай ота бүйрек жетіспеушілігімен есепте тұратын науқастардың сауығып кетуіне зор мүмкіндік береді" – деп жазылған баспасөз хабарламасында.

Серіктестер жаңалықтары