Тікелей эфир

Шымкент: Референдумды қоғамдық қолдаудың қалалық штабы құрылды

Қазақстанның әрбір азаматы Конституцияға өзгерістер енгізу қажеттігі туралы өз пікірін білдіруге құқылы.  

Бүгін Шымкент қаласы ақпарттық-коммуникациялық орталығының брифинг алаңында Шымкент қаласы бойынша Қоғамдық штаб төрағасы Еркін Сатқанбаев пен Шымкент қаласы бойынша Қоғамдық штаб мүшесі Нүргүл Қобланова Қазақстан Республикасының Конститутциясына  өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдум бойынша баспасөз брифингін берді.


"Біз – Қазақстанның  азаматтық қоғамының белсенді өкілдері, референдумды қоғамдық қолдаудың қалалық штабына топтастық. Біздің қатарымыз қаламыздың ірі үкіметтік емес ұйымдары өкілдерін, ғалымдарды, блогерлер мен журналистерді, жастар мен ардагерлер қауымдастығын, этномәдени орталықтардың жетекшілерін біріктіреді. Штабымыз құрылды, жұмысшы топ конституциялық өзгерістердің бағыттарын халықтың қарауына ұсынылған мәтінде келісім беру, зерделеу, дауыс беруіне мүмкіндігінше қолдау жасаймыз" – деді, спикер өз сөзінде.

Президенттің 2022 жылғы 5 мамырдағы Жарлығымен еліміздің Ата заңына түзетулер топтамасы референдум шеңберінде бүкілхалықтық дауыс беруге шығарылды. Бұл түзетулер саяси жүйені қайта құру үшін көптен күткен шараларды қамтып, қоғамның мемлекетпен өзара іс-қимылы форматтарын жаңартуға деген сұранысын көрсетеді. Конституциялық реформаның ережелері әртүрлі қоғамдық күштердің, сарапшылар мен азаматтық белсенділердің бастамаларына негізделеді.
Сондай-ақ, Қазақстанның әрбір азаматы Конституцияға өзгерістер енгізу қажеттігі туралы өз пікірін білдіруге құқылы.  

Шымкент қаласының Ақпарттық-коммуникациялық орталығы.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары