Тікелей эфир

Шығыс Қазақстан облысында жолдағы терең ойық жөнделді

Топырақтың ылғалдануы салдарынан жолдың бір бөлігі опырылып түскен болатын.

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев су тасқыны кезеңін әуеден бақылау барысында «Теректі – Ұрынхай – Төсқайың» трассасының 13 шақырымындағы жолды қайта келтіру жұмыстарымен танысты. Бұл турлы облыс әкімдігі хабарлады.

Еске салсақ, 12 сәуір күні «Мраморное» асуы маңында топырақ көшкіні жүріп, облыстық маңызы бар жол опырылып түскен. Азаматтардың қауіпсіздігі барысында аталмыш жол бөлігі жабылып, жедел қайта келтіру жұмыстары басталды. Бүгін аймақ басшысы жөндеу жұмыстарымен танысып, тиісті тапсырмалар берді. Сағат 16:00-де көлік қозғалысы жанданып, жол ашылды.


Оқи отырыңыз: Шығыс Қазақстан облысында жол опырылып түсті


Қазірде облыс әкімінің тапсырмасымен, жол қызметінің арнайы мамандары топырақтағы ылғал көлемін есептеп, басқа аумақтарда осындай жағдай қайталабас үшін қадағалау жүргізуде.

 

Серіктестер жаңалықтары