Тікелей эфир

Шет елдерге қоныс аударып жатқан Қазақстан азаматтарының саны 42 пайызға өсті

Қазақстанға көбінесе Ресейден көшіп келеді.

Биыл жылдың қаңтар мен наурыз аралығында 3 800 Қазақстан азаматы шет мемлекеттерге қоныс аударған, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Бұл өткен жылмен салыстырғанда 42 пайызға көп. Есесіне, елге келгендердің саны 7,5 мыңға жеткен.

Ranking.kz сайтының мәліметінше, Қазақстанға көбінесе көрші Ресейден көшіп келеді екен. Олардың бірқатары Алматы қаласына тұрақтаған.

Ал елден кеткендердің дені Ресей, Америка Құрама Штаттары мен Польшаға және Қырғызстанға бет алған. Өзге елде нәпқасын тапқысы келгендер 15 жастан асқан және жоғары білімі бар азаматтар.

Мәселен, эмигранттардың 392-сі техникалық саланы тәмәмдаса, 135-і педагогикалық мамандықтар бойынша бітірген. Қатарында сәулет-құрылыс пен заңгер мамандығында білім алған жандар да бар.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары