Түркістан облысының Шардара ауданында қойшы 23 млн теңгенің малын сатып жіберген, деп хабарлады Polisia.kz.
Шардара аудандық полиция бөліміне арызданған жергілікті тұрғын өзі басқарып отырған жайылымдық жердегі қойшыға 400-ден астам қойларын сеніп тапсырғанын, алайда ол малдың біраз бөлігін сатып жібергенін хабарлаған.
Жәбірленушіге келген шығын көлемі – 23 млн теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 189-бабы (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу) бойынша тіркеуге алды.
Полицейлердің жүргізген тиянақты жұмысының нәтижесінде аталмыш қылмысқа қатысы бар жәбірленушінің қой бағып жүрген қойшысы, яғни Ордабасы ауданының тұрғыны анықталды. Сезікті ер адам 2021 жылдың тамыз айынан бері ұсақ малдарды біртіндеп сатып, өз пайдасына жаратып отырған. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Оқи отырыңыз: Айыппұл артып, жаза күшейсе де, Қазақстанда мал ұрлығы неге тыйылмай тұр?