Тікелей эфир

Семейлік кәсіпкерге қатысты тергеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр

Оған араша түскен Мәжіліс депутатының сауалы қоғамда түсініспеушілік туғызды.

"Ақ жол" партиясы атынан сайланған Мәжіліс депутаты Серік Ерубаев семейлік кәсіпкер Айдос Серікқалиұлын қорғап, Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовке депутаттық сауал жолдады. Ол өз сөзінде Семейдегі "Металлист" ЖШС иесін жергілікті құқық қорғау органдары заңсыз қудалап жатқанын айтып, кәсіпкерге қысым көрсетуді тоқтатуды сұраған болатын.

Алайда, мәжілісменнің бұл сауалы тараптар арасында түсініспеушілік туғызып отыр.  Бұл орайда ұзақ жылдар "Металлисте" қызмет еткен Хайрулла Ангаевтың бұл мәселеге қатысты бейнеүндеу жариялады.

"Мен зейнеткермін. Жақында Бас прокуратураға үндеу айтқан депутатқа өз пікірімді жеткізсем деймін. Менің пайымымда депутат халықтың мүддесін қорғауы керек. "Металлист" ЖШС-нде 22 жыл жұмыс істеп, бар күшім мен денсаулығымды бердім. Айдос Серікқалиұлы мен оның бауыры қылмыстық істе күдікті ретінде қарастырылып жатыр. Ал мен жәбірленушімін. Бүгінде ағайынды кәсіпкерлер сотта жауап беруден қашып, мәселені барынша саясиландыруға тырысып жатыр. "Ақ жол" партиясы өкілінің депутаттық сауал жолдағанына қарап, мен осыны түсіндім. Алайда, мұндағы жағдай мен фактілер бұрмаланған. Олардың әрекеттеріне сот қана баға береді. Сондықтан, халықты адастырмай, тергеудің аяқталуын күтуге шақырамын", – деді Хайрулла Ангаев.

Сондай-ақ, бұл мәселеге қоғам өкілдері де өз пікірін білдіріп жатыр. Мәселен, қоғам белсендісі Аида Жексен әлеуметтік желіде:

"Серік Ерубаевтың айтуынша, Айдос Серіккқалиұлын жергілікті билік заңсыз қудалап, тіпті, рейдерлік жолмен бизнесін тартып алуға дейін барған. Бірақ кәсіпкерге қатысты қылмыстық іс қозғалып, ол сот барысын Қазақстаннан тыс жерде күтіп жатыр. Фирманың бұрынғы иесі видеоүндеу жазып, депутаттарды кәсіпкерлер арасындағы істе бір жақтың ғана мүддесін қолдамауды сұрап отыр. Айтпақшы, бизнесмендер өзара жанжалдасса, "Атамекен" дәл солай жасайды. Ендеше, "Ақ жол" неліктен сот пен Ұлттық палатаның шаруасымен айналысуда?", – деп жазды.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары