Тікелей эфир

Семейді су басты. Қалада төтенше жағдай жариялануы мүмкін

Төтенше жағдай шарттары 15 наурыздан бастап қолданылады.

Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың шешімімен Семей қаласы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы шешім жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды.

"Абай облысы Семей қаласы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын... Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 15 наурыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады", – делінген шешім жобасында.

Еске салайық, Семейде еріген қардың суы қала көшелерін басқан болатын. Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің 11 наурыздағы мәліметі бойынша, 4 аула мен 5 көшені су басты.


Оқи отырыңыз: Қорабы – 400 теңге: Қазақстанға арзан темекі қайдан және қалай келеді?


16 наурыз, сағат 19.13. Жаңалық толықтырылды:

Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі қалада төтенше жағдай жарияланбайтынын хабарлады. 

Ашық НҚА порталындағы шешім жобасы жойылған. 

Серіктестер жаңалықтары