Шараға қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов қатысып, салтанатты жиынға зиялы қауым өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер және қала тұрғындары қатысты.
"Мемлекет басшысы биылғы жолдауында 2025 жыл Қазақстанда Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады. Бұл шешім ел экономикасының дамуына жұмысшы мамандықтардың маңызды рөл атқаратынын көрсетеді. Бұл жыл жұмысшылардың мәртебесін арттырып, олардың еңбегіне қоғамның назарын аударатын кезең болмақ. Сондықтан қарапайым қызмет жолында қалтқысыз еңбек етіп жатқан жерлестеріме алғысымды білдіремін", – деді Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов.
Салтанатты рәсім барысында қала дамуына үлес қосқан қарапайым еңбек адамдарына алғыс хаттар мен 100 мың теңгелік ақшалай сертификаттар табысталды. Арасында қоғамдық көлік қызметкерлерінен бастап, коммуналдық қызметтер өкілдері де бар.
Үздік қызметкерлер тізімі:
1. Жаукенов Дархан – үздік автобус жүргізушісі.
2. Жанакыметов Нұртас – қаланың үздік электр маманы.
3. Рахимбаев Маутқазы – үздік қосалқы жұмысшы.
4. Мұсабекова Раушан – үздік әлеуметтік қызметкер.
5. Хазипов Мавлетянов – үздік механик.
6. Молденов Думан – үздік су шаруашылығы шебері.
7. Клименко Юрий – ТЭЦ №1 станциясының үздік ауысым басшысы.
8. Рамазанов Марат – үздік жол жұмысшысы.