Тікелей эфир

Сауд Арабиясы Қазақстанда жел станциясын салады: Қанша жұмыс орны ашылады

Жобаны жүзеге асыруға 1,8 млрд доллар инвестиция тартылады.

Қазақстан үкіметі мен Сауд Арабиясы корольдігінің үкіметі арасындағы жел электр станциясын салу жөніндегі келісімді ратификациялау туралы заң жобасы Ашық НҚА порталында жария талқыға ұсынылды. 

Жобада жел электр станциясын салуға қатысты тың деректер жарияланған. 

  • Қазақстанның Жетісу облысында бой көтеретін жел электр станциясының жалпы қуаты 1 ГВт-қа тең болады. 
  • Жобаны іске асыру шеңберінде 250-ге дейін тұрақты жұмыс орны, 3 мыңға дейін уақытша жұмыс орны құрылады.
  • Шамамен 1,8 миллиард доллар инвестиция тартылады.
  • Қосымша 3500 млрд кВтсағ жасыл энергия өндіріледі.
  • Жел электр станциясын Сауд Арабиясының ACWA Power компаниясы салады. 

Оқи отырыңыз: Араб елдерінің инвестициясына қай өңірлерде жел станциясы салынады


Еске салайық, бұл жоба бойынша келісімге биылғы 7 наурызда екі елдің энергетика министрлері Астанада қол қойған болатын. 

Бұған дейін Үкімет отырысында құрылыс жұмыстары 2025 жылы басталатыны хабарланған. Премьер-министр осы орайда әкімшілік рәсімдерді жеделдетуді және орталық мемлекеттік органдар тарапынан барлық қажетті шешімдерді бір күнде әзірлеуді тапсырды.  

Серіктестер жаңалықтары