Тікелей эфир

Шардара су қоймасында скутер демалушыларға соғылды: тергеу жүргізіліп жатыр

Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тараған.

Түркістан облысы Шардара су қоймасында демалушылар отырған үрлемелі матрацка су көлігі соғылды.

Оқиғаға қатысты облыстық полиция департаменті түсініктеме берді.

Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тараған. Су көлігі демалушылар отырған үрлемелі матрацка соғылады, оқиға 8 тамызда болған.

"Су көлігінің жүргізушісі ұсталып, полицияға жеткізілді. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Су көлігі айыппұл тұрағына қойылды. Сонымен қатар демалушыларға су көлігін жалға берген адамдарды жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылданып жатыр", – делінген хабарламада.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары