Тікелей эфир

Сарапшы: Жел станцияларының құстардың миграция жолына салынуы қауіпті

Маманның айтуынша, Испания компаниясы жасап шығарған Vortex Bladeless вибраторлары аса тиімді.

Өңірлерде ЖЭС салу жыртқыш құстар үшін аса қауіпті. Қазақстан Vortex Bladeless вибраторларын пайдалану арқылы көптеген жыртқыш құстың өмірін сақтап қала алады, деп мәлімдеді жыртқыш құстар жөніндегі сарапшы Игорь Карякин.

"Егер сізді біреу жел электр станциясының қауіпсіз екендігі туралы айтып, осыған сендірсе, онда ол адамдар – сауатсыз немесе лоббистер. Бір де бір техногендік нысанның толық қауіпсіз болмайтынын түсінуіміз керек. Құстар электр желісіне түсіп өледі, оларды көлік қоғады немесе өздері ғимаратқа барып соғылады. Осының ішінде қайсының құстар үшін аса қауіпті екенін анықтап, оған өзгеріс енгізуіміз қажет. Қазақстан үшін ЖЭС салынған немесе салынатын жерлердің картасы бар. ЖЭС жобаларының көбісі сирек кездесетін құстар үшін тартымды жерлерде бой көтермек. Бұл – Үстірт, Қаратау және елдің оңтүстік және шығыс өңіріндегі таулар. Қазіргі сәтте GPS, GSM трекерлер көмегімен сирек кездесетін құстарға бақылау жүргізіп отырмыз", – деді маман. 

Игорь Карякиннің айтуынша, басқа елдердің құстары көбінесе Қазақстанның шығыс және оңтүстік-шығыс аудандары, Үстірт, Өзбекстанмен шекаралас жатқан аумақ және Каспий бойымен миграция жасайды. Мұнымен қатар, солтүстіктегі жартылай шөлден бастап даланың оңтүстіктегі орманына дейінгі аумақтан өтеді. Ал ЖЭС-тің негізгі үлесі Оңтүстік Сібірден келетін құстар жолына тиесілі. 

"Аталған өңірлер құстар миграциясы жолы ғана емес, онда ірі бүркіт, филин, ителгі сынды саны аз құстар ұя салған. Ерейментау да – негізгі орнитологиялық аумақ, онда да станция бар. Егер осы өңірде ЖЭС дамыса, сол жерді мекендейтін бүркіттер тобы зиян шегіп қалады. Қазақстанда барлық дерлік жел соғатын жерді бүркіт, коршун, корган сынды құстар мекендейді. Осыны ескермей, лоб тәрізді ЖЭС түрлерін дамытатын болсақ, нәтиже біреу болады – көптеген құстың өлексесін көреміз. Осылайша, Қазақстан мен Ресейдің экожүйесі бірігеді", – деп алаңдаушылық білдірді Игорь Карякин.

Осы орайда, сарапшы ЖЭС-ке балама бар екеніне тоқталды. Ол – Испания компаниясы жасап шығарған Vortex Bladeless вибраторлары. 

"Серпімді резонанс болғанда, яғни жел соққанда вибрация пайда болады. Егер оны құстар көп шоғырланған, ұя салған жерлерге орнатсақ, онда Қазақстан бір оқпен екі қоянды атып алатын еді. Біріншіден, альтернативаның арқасында көмірсутегіден алыстайды. Екіншіден, жыртқыш құстарды сақтап қалады", – деді сарапшы.

Еске салсақ, электр желілерінің әр 10 шақырымында орта есеппен 3 құс өлетіні туралы хабарлаған едік. Олардың жартысынан көбі Қызыл кітапқа енген.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары