Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде жаңартылған «Сайрамсу аңыздары» туристік бағыты ашылды. Ұлттық саябақта экотуризмді дамыту жұмыстары Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) қолдауымен жүзеге асырылады.
Сайрам-Өгем ұлттық паркі Түркістан облысында (Шымкенттен 70 км), Батыс Тянь-Шаньның солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Саябақта сүтқоректілердің 59 түрі (оның 10 түрі Қызыл кітапқа енген, оның ішінде Тянь-Шань қоңыр аюы, қар барысы, Түркістан сілеусіні, үнді кірпісі бар) және паркті құстардың 300 түрі мекендейді. Өсімдіктердің 1600-ден астам түрі өседі. Ұлттық саябақ ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік табиғи мұралар тізіміне енген.
«Сайрамсу аңыздары» бағытының тұжырымдамасы туристің Батыс Тянь-Шаньның ерекше табиғатын көруге негізделген. Оның кіреберіс тобынан бастап, кері қарай жалпы ұзындығы – шамамен 16 км. Соқпақжолмен жүруге өрлеп, құлдилап түсудің бәрін қосқанда шамамен алты-сегіз сағат кетеді.
Маршрут бойында ұлттық парктің биологиялық әртүрлілігі туралы ақпарат жазылған бақылау алаңдары, өнер нысандары, белгілер, стендтер орнатылған.
БҰҰДБ мәліметінше, олардың бәрі жергілікті табиғи ландшафтқа барынша кіретін жергілікті табиғи материалдардан жасалған.
"БҰҰДБ бұл саланың ел экономикасы үшін маңызы мен әлеуетін түсіне отырып, Қазақстандағы экологиялық туризмді дамытуды жан-жақты қолдайды. Сонымен қатар биоәртүрлілікті жоғалтуға қатысты қатерді барынша азайту бойынша кешенді шараларды жүзеге асырады", – деп хабарлады ұйым.