2029 жылға қарай шағын және орта бизнесте жұмыс істейтіндер саны 4,7 млн адамға жетеді. Бұл жөнінде үкімет отырысында премьер-министр Әлихан Смайылов айтты.
"Үкімет бизнестің сындарлы ұсыныстарын қолдауға қашан да дайын. Бизнестің тұрақты да табысты қызметіне, бірінші кезекте, мемлекеттің өзі мүдделі. Кәсіпкерлер осыны сезінуі керек", – деді үкімет басшысы.
Оқи отырыңыз:
- Шағын және орта бизнес жағдайы және оны қалпына келтірудің 3 жолы. Әлеуметтік зерттеу
- Кәсіп ашқыңыз келсе... Шағын несиеге қалай қол жеткізуге болады?
- Өз бизнесімді ашқым келеді. Кәсіпті көк тиынсыз қалай бастауға болады?
Әлихан Смайыловтың айтуынша, атқарылған жұмыстар 2029 жылға қарай шағын және орта бизнесте жұмыс істейтіндер санының 4,7 млн адамға дейін өсуіне және мемлекеттің экономикадағы үлесін 14 пайыға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.
Сөз соңында үкімет басшысы салалық мемлекеттік органдар мен "Атамекен" палатасына, тиісті министрліктерге тапсырма беріп, жақын арада Парламентке тиісті заңнамалық актілер пакетін енгізуді тапсырды. Сонымен қатар, жаңа нормаларды биылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізу мәселесін қарастыруды ұсынды.