Қазақстанға бір адамның хикаясы арқылы тарихты жеткізетін фильмдер жетіспейді, деді режиссер Айсұлтан Сейітов Dope soz подкастына берген сұхбатында.
"Бізде көбінесе хандар туралы түсіреді. Біріншіден, қарапайым адам өзін қалай ханмен байланыстырып, эмпатия құра алады? Ол ханның басынан өткендерді ешқашан түсінбейді", – дейді режиссер.
Оқи отырыңыз: Ұлттық киноны қолдау орталығы енді фильмдерді қазақша дубляждауға қаржы бөледі
Айсұлтан Сейітов қазақ аудиториясына батырлар туралы фильмдер өтімді болатынын айтады.
"Бізге батырлар туралы фильмдер өтер еді. Бірақ олардың қалай хан болғаны туралы емес. "Жеті самурай" стиліндегі болса. Мен осы стильдегі батырлар туралы фильмді көргім келеді", – деді ол.