Тікелей эфир

"Ресейсіз дүние жүзінде бірде-бір проблема шешілмейді". Тоқаев көрші елмен қарым-қатынас туралы

Президент Ресей президенті Владимир Путин туралы ойын айтты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның көрші Ресеймен қарым-қатынасы және 2024 жылы Ресейде өтетін президент сайлауы туралы пікір білдірді. 

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Ресейде өтетін президент сайлауы­ның Қазақстан үшін мәні зор.

"Биыл Ресейде ғана емес, АҚШ-та, Ұлыбританияда, Үндістанда, Әзер­байжанда және басқа да мемлекеттерде сайлау өтеді. Сондай-ақ Еуропарламент депутаттары сайланады. Әрине, біз осы сайлау науқандарын жіті бақылап отырамыз. Ресейде өтетін президент сайлауы­ның біз үшін мәні зор екені сөзсіз. Өйткені Астана мен Мәскеу арасында өте жоғары деңгейде қарым-қатынас орнаған. Ресей Қазақстанның негізгі серіктесі әрі одақтасы екені бар­шаға аян. Өткен отыз жылда мем­лекет­аралық байланыстардың іргесі беки түсті. Екі ел арасында 300-ден астам шарт пен келісім жасал­ған. Бар­лық саладағы екіжақты ынтымақ­тас­­тық тетіктері жұмыс істеп тұр. Жоға­ры деңгейдегі саяси диалог қарқын­ды дамып келеді. Біз көпжақты құрылымдар аясында, сондай-ақ өңірлік тұрақтылық пен халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету барысында ықпалдаса әрекет етеміз", – деді президент.


Оқи отырыңыз: Президент Назарбаевтың кітабы туралы: Мен үшін қазіргі кезең мемуар жазып отыратын уақыт емес


Қасым-Жомарт Тоқаевтың жауабына сәйкес, былтыр Владимир Путиннің Қазақ­станға жасаған ресми сапары екіжақты қатынасты жандандыра түскен негізгі оқиғалардың бірі болды. 

"Біз келіссөз барысында мемлекеттеріміздің стратегиялық серіктестігі мен қарым-қатынасы шынайы достық сипатынан айнымайтынын тағы да нақтыладық. Ресей – Қазақстанның негізгі сауда-экономикалық серіктесі. Екі елдің та­уар айналымы 2023 жылдың бастапқы 10 айында 21,4 миллиард доллар болды. Өйтетін жөні де бар, біздің шекарамыз құрлықтағы ең ұзын шекара саналады. Ресей Федерациясының әлемдік сая­сатта аса маңызды рөл атқараты­нын және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі екенін ұмытпаған жөн. Ресей Президенті Владимир Путин – сөзімен де, ісімен де жаһандық ахуал­ға ықпал ететін тұлға. Ресейдің ұста­ны­мымен бүкіл әлем санасатыны жа­сырын емес. Бұл мемлекеттің қаты­суын­сыз дүние жүзінде бірде-бір проблема шешілмейді. Ол айдан анық. Сондықтан Ресей секілді алпауыт елдегі президент сайлауының халықаралық мән-маңызы қашанда жоғары және оған әлемнің көптеген елі назар аударады", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Серіктестер жаңалықтары