Тікелей эфир

Ресейде жұмыс іздеген қазақстандықтар саны 100 пайызға артқан. Олар қалайтын орташа жалақы – 250 мың теңге

Көрші елде құрылыс, ТКШ және ауыл шаруашылығы салаларында жұмысшы дефициті байқалып отыр.

2020 жылдың бірінші жартыжылдығында Ресейде жұмыс іздеген не бұл елге көшуге ниет білдіріп, HeadHunter жүйесінде түйіндемесін қазақстандықтар саны 12 900-ді құраса, биылғы жартыжылдықтағы көрсеткіш 25 900-ге жетіп отыр. Мұндай мәліметті РБК мультимедиялық холдингі келтірді.

Портал сарапшыларының айтуынша, мұндай жедел өсім 2020 жылы карантиндік шектеулерге байланысты Ресейдегі Орта Азиядан келген жұмысшылардың жаппай елдеріне қайтуымен байланысты. Сондай-ақ, бұған Ресей мен Орта Азия елдері арасындағы әуе байланысы тек 2021 жылы сәуірде толықтай қайта іске қосылғаны да себеп. Ал осыдан кейін мамыр айында Ресейде коронавирус пандемияның үшінші толқыны басталды.


Оқи отырыңыз: Гастербайтердің бір күндік айлығы – 50 доллар. Қазақ жастарының шетелге қара жұмысқа ағылуы жөн бе?


Портал дерегінше, Ресейде жұмыс іздеген қазақстандықтар қалайтын еңбекақы мөлшері де сәйкес кезеңдерді салыстырғанда 24 пайызға артқан. 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында сұралған орташа еңбекақы 200 мың теңге (35 мың рубль) шамасында болса, тура бір жылдан соң бұл көрсеткіш 250 мың теңгеге (43,4 мың рубль) жеткен.

"Авито Работа" басқарушы директоры Артем Кумпельдің айтуынша, Ресейде қазір көптеген салаларда білікті емес жұмысшылардың дефициті байқалып отыр. Олардың қатарында құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық сала және ауыл шаруашылығы саласы басты үштікке еніп отыр.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары