Тікелей эфир

Референдум өткізуге 16,4 млрд теңге жұмсалады

Қаражат республикалық бюджет пен үкімет резервінен бөлінеді.

Қаржы министр Ерұлан Жамаубаев Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгертулер енгізу бойынша республикалық референдумды өткізуге 16,4 млрд теңге жұмсалатынын мәлімдеді.

"Республикалық референдумға 16 млрд 460 млн теңге бөлінеді. Орталық сайлау комиссиясы тарапынан есептер алынды. Бүгін үкімет қажетті қаулыны қабылдады. Ақша бөлінеді", – деді Ерұлан Жамаубаев.


Оқи отырыңыз: Қазақстан Конституциясына қандай өзгерістер енгізіледі? Жобаның толық мәтіні


Ата Заңның шамамен үштен біріне өзгерістер енгізу көзделіп отыр. Олардың негізгілері: 

  • Қазақстан басқарудың суперпрезиденттік формасынан мықты парламентке ие президенттік формаға көшеді;
  • президенттің туыстарына жоғары мемлекеттік қызметтерді атқаруға тыйым салынады;
  • жер мен жер астындағы байлық халыққа тиесілі болады;
  • қазақстандықтар өз бетінше Конституциялық сотқа жүгіне алады;
  • Қазақстанда өлім жазасы болмайды;
  • мәжілістің депутаттық корпусы аралас сайлау жүйесі бойынша қалыптасады;
  • сенаттағы президенттік квота қысқарады, мәжілістегі ҚХА квотасы жойылады;
  • мажоритарлық жүйе сайлаушылардың қалауы бойынша депутаттың өкілеттігін тоқтатуға мүмкіндік береді.
Серіктестер жаңалықтары