Тікелей эфир

Қызылорда облысында полицейлер шаруалардан жоңышқа мен шөп бопсалаған

Полицейлердің үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Қызылорда облысы Қармақшы ауданында егін науқаны қызып тұрған шақта шаруалар полицейлермен арпалысып әлек. Айтуларынша, тәртіп сақшылары егіншілердің толыққанды жұмыс істеуіне мүмкіндік бермей отыр. Тіпті жақында қожалық басшыларынан жоңышқа бопсалаған полицейлердің үстінен іс қозғалған. Бірақ бұдан соң да Ішкі Істер органдары өкілдерінің қысымы күшейіп барады дейді шаруа қожалығының жұмысшылары. Бұл туралы 31-арнаның "Информбюро" бағдарламасында айтылды. 

"Ешқандай құжаттары болмаса да, заңсыз кіріп тексереді. Өзбек азаматтар бар ма деп қарайды. Алайда бұл жерде өзіміздің азаматтар ғана жұмыс істейді. Кейін балалардан шөп сұрап қорқытып, бопсалаған. Шөп алып жүріп өздері ұсталды", – деді "Оңталап" Шаруа қожалығының жұмысшысы Әлішер Маханов. 

Тұрғындардың айтуынша, жақында қожалыққа тиесілі көлікті полицейлер айып тұрағына қойған. Осыдан кейін жұмыстары да тоқтап қалған. Ал полиция департаментінің өкілдері егіншілерді бопсалаған қызметкерлердің ісі сотта қаралып жатқанын мәлімдеді. Десе де, қожалыққа тиесілі қосалқы бөлшектердің жоғалуына қатысымыз жоқ деп отыр.


Оқи отырыңыз: Ақтөбеде шаруалар малдың жүні мен терісін далаға лақтырып жатыр


"Республикалық "Құқықтық тәртіп" іс-шарасын өткізу барысында "Оңталап" шаруа қожалығына тиесілі "ЗИЛ-130" автокөлігі бортқа адам тиеп бара жатқан жерінен тоқтатылды. Тексеру барысында жүргізушінің көлік жүргізу куәлігі болмағаны анықталып, автокөлік полиция бөлімінің ауласына қойылды. Қосалқы бөлшектердің жоғалу дерегі бойынша полиция қызметкерлері тарапынан заңбұзушылық болған жоқ", – деді Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Сондай-ақ облыстық полицейлер аудандағы қызметкерлердің әрекеті бақылауда болады деп отыр. 

Серіктестер жаңалықтары