Тікелей эфир

Қытайдың мемлекеттік кеңесі үшінші баланы тууға қатысты барлық шектеуді алып тастады

Ел билігі мұндай шешімді мамыр айында қабылдаған болатын.

Бұдан былай Қытайлық отбасыларға үшінші баланы дүниеге әкелуге рұқсат берілді, деп хабарлады 31-арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Үкімет енді екі баладан көп сәбиді дүниеге әкелген отбасыларға айыппұл салмайды. Жаңа заңнамаға сәйкес, үшінші баласын босанатын аналарға керісінше қолайлы жағдай жасалады. Енді Қытайдағы қоғамдық жерлерде, тіпті жұмыс орындарында ана мен балаға қажетті құрал-жабдықтар мен арнайы бөлмелер болды.

Айта кету керек, бес жыл бұрын Қытай үкіметі тек екінші баланы тууға заңмен рұқсат берген еді. Қазіргі уақытта Қытайда 14 жасқа толмаған 253 миллион бала бар, бұл бүкіл халықтың 18 пайызын құрайды.

Материалдың толық нұсқасын төмендегі видеодан көріңіз:

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары