Тікелей эфир

Қырғызстан көкпаршылары Қазақстан құрамасын қарымта ойынға шақырды

Келісім кубогын қырғыздар 1 қарашада Ыстықкөл жағасында өткізбек.

Қырғызстанның көк бөрі федерациясы қазақстандық көкпаршыларға 1 қарашада реванш матчын өткізуі ұсынды. Ұсынысқа сәйкес, матч өткізілетін орын ретінде Қырғызстандағы Ыстықкөл жағасы таңдалған. Бұл туралы Қырғызстан көк бөрі федерация басшысы Рамис Джунусалиев хабарлады, деп жазды 24.kg

"Біз даулы мәселелерді біржола жою үшін қазақстандық тарапқа реванш матчын өткізуді ұсынамыз. Көрші елдің спортшыларына Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында болған құраммен ойынға келуді ұсынамыз", – деді Рамис Джунусалиев.

Оның айтуынша, бұл ұсыныс Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы спорт байланыстарын нығайтуға және адал ойынды қамтамасыз етуге бағытталған. 

Еске салайық, Астанада Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы Қырғызстанның көкпаршыларынан басым түсіп, жеңіске жетті. Алайда ойын барысында қазақстандық спортшы қарсылас ойыншыны қамшымен ұрып, бұл дауға ұласқан болатын. 


Оқи отырыңыз: Көшпенділер ойындары: аламан бәйгеде "Айқабақ" мәре сызығын бірінші болып кесті


 

Серіктестер жаңалықтары