Тікелей эфир

Қымбат көлік иелері қашан "сән-салтанат салығын" төлей бастайды?

"Сән-салтанат салығының" қашан енгізілетінін Қаржы министрі мәлімдеді.

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев "сән-салтанат салығы" қашан енгізілетінін айтты. 

"2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Салық кодексі болады. Біз бұл жайлы сонда жазамыз. Нұсқаулық әзірлеу керек. Оны 2023 жылдың қыркүйегіне дейін пысықтап, содан кейін Мәжіліске ұсынуымыз керек. 2023 жылы заң қабылданып, 2024 жылдың басынан бастап күшіне енеді деп үміттенеміз", – деді Ерұлан Жамаубаев мәжіліс кулуарында.

Айта кетейік, 1 қыркүйек күні президент қымбат жылжымайтын мүлік пен көлік иелеріне қосымша салық салуды ұсынған болатын.

"Мұның орта тапқа қатысы жоқ, бұл салық тек аса қымбат жылжымайтын мүлік және автокөлік сатып алған кезде салынады", – деген еді президент жолдауында.


Оқи отырыңыз: Тоқаев: 2023 жылы жаңа салық кодексі әзірленеді


Ұлттық экономика министрі "сән-салтанат салығы" құны шамамен 100-150 мың доллардан асатан көліктер үшін салынуы мүмкін екенін айтқан еді.

Серіктестер жаңалықтары