1-сыныпқа қабылдаудың тәртібі мен талаптары туралы ҚР білім және ғылым министрлігінің мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова түсіндірді.
"Бірінші сыныпқа қабылдау ҚР білім және ғылым министрлігінің № 564 бұйрығына сәйкес жүргізіледі. Бұл мемлекеттік қызмет болғандықтан, ол автоматтандырылған түрде көрсетіледі. Бүгінгі таңда 1 сәуірден бастап 1 тамызға дейін құжаттарды қабылдау мерзімі басталып кетті. Бірнеше күн ішінде бізге 18 мыңнан астам өтініш келіп түсіп отыр. Біздің болжамымыз бойынша биыл 200 мыңнан астам өтініш келіп түседі", – деді Гүлмира Кәрімова.
1-сыныпқа қабылдау тәртібіне сәйкес, қызмет тек автоматтандырылған түрде көрсетілмейді. Оқушылардың ата-анасы немесе заңды өкілдері өтініштерін мектепке қағаз жүзінде тапсыра алады. Мұнымен қатар, ата-аналар өтінішпен бірге оқушының құжаттарын да тапсыруы керек болады.
Оқи отырыңыз: 0,5 литр су – 300 теңге. Білім министрі мектеп асханаларындағы бағаны сынға алды
Қажет құжаттар:
- туу туралы куәлік;
- 3x4 мөлшердегі екі фотосурет;
- №026, 065 формадағы екі анықтама (алғашқысы екпе алу туралы, кейінгісі денсаулығына байланысты).
Балалар қанша жастан бастап қабылданады?
Биыл 6 жастағы және осы күнтізбелік жыл ішінде 6 жасқа толған балалардың барлығы 1-сыныпқа қабылданады.
"Білім беру ұйымдарын таңдайтын кезде ата-аналардың оқушының бейіміне, тіл ерекшелігіне назар аударғаны жөн", – деді Гүлмира Кәрімова.
Лицей мен гимназияларға қабылдау
Бұл білім ордаларына 1-сыныпқа қабылдау үшін арнайы емтихан жүргізіледі. Ол емтихандар 15 маусымға дейін өтеді.
Оқи отырыңыз: Қазақстан IELTS нәтижелері бойынша Корея, Қытай, Жапония, Өзбекстаннан алда
Мектеп құжаттарды қабылдамаған жағдайда не істеуге болады?
Мұндай жағдай туындаған кезде жергілікті білім басқармалары өкілдеріне барып өтініш білдіруге болады. Олар жан-жақты көмек көрсетеді, деп сендірді комитет төрайымы.
Құжаттарды ерте тапсырудың пайдасы бар ма?
"Білім ұйымдары өз жұмысын жоспарға сай жүргізеді. Оқу жылы аяқталғанға дейін бізде біршама мұғалім болады. 4-сыныппен қоштасқан соң, тәртіпке сай 1-сынып оқушыларын қабылдайды. Тарификация мен әр мұғалімге күнтізбелік жоспар жасалатындықтан, әр мектепке қанша оқушы келетінін білуіміз керекпіз. Бұл ата-аналардың күмәнданбауы үшін де қажет. Әдетте құжатты дұрыс тапсырған болса, электронды нұсқада хабарландыру келеді", – деп түсіндірді Гүлмира Кәрімова.
Мұнымен қатар, құжат тапсырған оқушылар тамыз айында болатын жазғы мектепке қатысады. Ата-аналар мен оқушылардың ұстазбен алдын ала танысу мүмкіндігі болады.
Сыныпта оқушы көп болса, балалар қайда орналастырылады?
Білім басқармасы өкілінің айтуынша, мұндай жағдайлар көбіне шілде-тамыз айларында құжат тапсырған кезде болады. Мұндай жағдайда ата-аналар өзінің тұрғылықты мекенжайы бойынша басқа мектепті қарастыруы тиіс. Өз бетінше шешім қабылдай алмаса, жергілікті білім басқармаларының көмегіне жүгіне алады.
Бала жасына қатысты талап өзгере ме?
№ 564 бұйрықта оқушының мектепке қабылданатын жасы көрсетілген. Яғни баланың жасы міндетті түрде алтыдан асқан болуы немесе күнтізбелік жыл ішінде бала 6 жасқа толуы тиіс. Мысалы, қазір бала 5 жаста болса, ал туған күні қыркүйек-қазан айларында болса, онда бала мектепке қабылданады. Жеті жастан асқан балалардың жағдайы жеке-жеке қаралады.
Оқи отырыңыз: Баланы 1-сыныпқа беруге құжат өткізу 1 сәуірде басталады. Қажет құжаттар тізімін ұсынамыз
Сыныптарды "а", "ә", "б" деп бөлу тәртібі қалай жүзеге асады?
Бұл әр мектептің тіл, математика сыныптары деген секілді ерекшеліктеріне қарай жүзеге асады. Ал бастауыш сыныптарда бұлай бөлінбейді. Бірінші құжат тапсырған 25 оқушыдан бір сынып жасақталса, қалғандары келесі сыныпқа жібереледі.
"Сыныптарды әріппен белгілегенде балаларды кемсіту немесе артықшылықтарына қарай бөлу деген болмайды. Мұндай мәселе ешқашан қарастырылмайды", – деді комитет өкілі.
Құжатты электронды тапсыр деп міндеттеу жоқ
"Міндетті түрде құжатты электронды форматта тапсыр деп міндеттеу жоқ. Мектептер дәстүрлі форматта құжат қабылдауға міндетті. Мектепке барған кезде көмектеседі", – деп сендірді Гүлмира Кәрімова.
Оқи отырыңыз: Kids Go Free: Сәуірде қандай турларға балаларға билетті тегін алуға болады?
Құжаттарды рәсімдеуге қанша уақыт кетеді?
Гүлмира Кәрімованың айтуынша, құжаттарды сканерлеп, жүктеуге 2-3 минут қана кетеді. Ал оқушының қабылданған-қабылданбағаны туралы жауап бір күнде келеді. Кей жағдайда құжатты толықтыру қажет болады.
Ата-аналар баласын тұрғылықты мекенжайы бойынша емес, басқа жердегі мектептерге бере ала ма?
Әр мектеп өзінің территориясы бойынша үш, өзге территориядан бір оқушы қабылдай алады. Мұндай жағдайлар қарастырылған. Ата-аналар өзінің баласына ыңғайлы мектептерге өтініш бере алады.