Жылдағы дәстүр бойынша, Қазақстанның барлық өңірінде құрбандық малының бағасы күрт өсті. Әсіресе, қой бағасы шарықтап тұр. Оның ішінде тоқтыға сұраныс жоғары, деп хабарлады 31 арна.
Арнаның Атырау облысындағы тілшісі арнайы мал базарларына барып, қой бағасына шолу жасады. Орталықтағы базарларда қой бағасы 70 мың теңгеден басталады. Шет жақтағы базарлардан шағын қозыны 40 мың теңгеге табуға болады, Оған қоса, құрбандық малын сойып беретін қасапшылардың ақысы да әдеттегіден өсіп кеткен. Мысалы, қой сою құны бұрын 3 мың теңге болса, мереке қарсаңында ол 5 мың теңгеге дейін өскен.
"Қой алдым, қымбаттау екен. 40 мың теңгеге алдым. Бұған дейін бағасы 20-25 мың теңге еді", – дейді Атырау қаласының тұрғыны Нариман Қияров.
Оқи отырыңыз:
- Алматы мен Шымкентте құрбан шалуға рұқсат етілетін орындар белгілі болды
- Құрбан айт – 2023: Астанада құрбандық шалатын орындар белгіленді
Жергілікті әкімдік өкілдері қой бағасы өскенімен, ол базардағы ет бағасына әсер етпейтінін айтады.
"Жүргізілген мониторгке сәйкес сиыр етінің бағасы өскен жоқ. Баға тұрақты. 2200-2400 теңгеден сатылып жатыр", – деді Атырау қалалық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Руслан Дәулетов.
Жалпы, Атырау қаласында Құрбан айт күндері мал соятын алты орын бар.