Қазақстан темір жолы Республика күні мерекесіне орай жолаушылар ағынының артуына байланысты қосымша пойыздар тағайындады, деп хабарлады ҚТЖ баспасөз қызметі.
Олар:
- №630/629 пойызы "Ақтөбе-Шалқар" бағыты бойынша 2024 жылғы 22 қазаннан бастап күнара қатынайды;
- №204 пойызы "Астана-Шымкент" бағыты бойынша 2024 жылғы 21 қазаннан бастап күнделікті қатынайды;
- №216 пойызы "Шымкент-Алматы" бағыты бойынша 2024 жылғы 22 қазаннан бастап күнделікті қатынайды;
- №201 пойызы "Алматы-Астана" бағыты бойынша 2024 жылғы 23 қазаннан бастап күнделікті қатынайды.
Пойыз құрамында купе және плацкарт вагондар болады.
"Сонымен қатар, қала маңындағы бағыттар бойынша 2024 жылғы 25 және 27 қазанда "Қарағанды-Астана" бағытындағы электр пойызының бағыты Бурабай курорты станциясына дейін ұзартылады", – делінген хабарламада.
№7553/6811/6812/7556 "Қарағанды-Астана-Бурабай курорты" электр пойызының бағыты:
- Астанадан сағат 10:40-та жөнелтіледі, Бурабайға сағат 13:15-те келеді;
- Бурабайдан сағат 14:10-да кері жөнелтіледі, Астанаға сағат 17:00-де келеді.
Сонымен қатар, 2024 жылғы 25, 26 және 27 қазанда "Ерейментау-Астана-Көкшетау" бағытындағы №6831/6829/6830/6832 электр пойызының құрамына қосымша вагондар қосылады.
Оқи отырыңыз: 2025 жылдан бастап FlyArystan әуе билеттерінің коды мен префиксі өзгереді